АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін Атырау-Доссор бағытындағы жол бойында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртенген көлік Тәжікстан Республикасы азаматының меншігінде екен. Өртті сөндіруге Қарабатандағы Мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында орналасқан өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен арнаулы техникалар тартылды.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жүк көлігінің неден өртенгені анықталуда.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.