Театр директоры Берік Жәменовтің айтуынша, ашық алаңдағы композиция «Шығармашылық әңгіме» деп аталады. Бұл композицияны алматылық склупьтор Гүлфия Мелдеш жасаған.
«Біз халық әртістерінің атын ел есінде сақтауымыз қажет. Өйткені, олар – отандық кинематография мен театр өнерінің бастауында тұрған қайталанбас өнер тарландары. Оларды аға буын жақсы біледі. Алайда, кейінгі буын үшін олардың еңбегі тарихқа айналып барады», - дейді Берік Жәменов.
Бұл композицияны орнату идеясы өткен жылы туындаған. Идеяны іске асыру үшін Атырауда қойылған бірнеше скульпторлық мүсіннің авторы Гүлфия Мелдешке ұсыныс жасалған.