«Геолог саңлақтар арасында Ленин және Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жолдасқали Досмұхамбетов мұнай кен орындарын ашуға, игеруге өлшеусіз үлес қосты», - деді жиында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
1991 жылы 6 сәуірде Теңіз газ өңдеу зауыты кешенді технологиялық желіге Т-8 ұңғымасынан шикізат мұнайының алғашқы бір тоннасы қабылданды.
Өз құттықтауында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Жолдасқали Досмұхамбетовтің бірегей кен орнын ашудағы ерен еңбегін атап өтті, бүгінде ол әлемнің ірі кен орындарының қатарында.
1993 жылы сәуірде Теңіз мұнай-газ кешені базасында құрылған «Теңізшевройл» ЖШС терең орналасқан кен орындарын игеру бойынша техникалық күрделі міндеттері ойдағыдай атқаруда.
1993 жылы қалыптасқан сәттен бастап ТШО ҚР экономикасының өсуіне және оның әлемге танылған ел ретінде қалыптасуына орасан зор үлес қосып келеді.