Атырауда тергеуші мен криминалдық полиция қызметкері қамауға алынды

None
АТЫРАУ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Қандыағаш стансасы желілік ішкі істер бөлімі тергеу тобының тергеушісіне, Атырау стансасы ішкі істер желілік бөлімі бастығының орынбасарына және криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкіліне қатысты қылмыстық іс қозғады.

«ҚР ҚК-нің 24 бабы, 3 бөлімі және 311 бабы, 4 бөлімі, «б» тармағы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция қызметкерлері алдын ала келісім бойынша өздері тергеп жүрген қылмыстық істі оңтайлы шешкені үшін 200 мың теңге көлемінде пара алуда күдікті, соттың шешімі бойынша күдіктілердің екеуі қамауға алынды», - деді қаржы полициясының баспасөз қызметінен.