Іс құжаттарына сәйкес, кәсіпкер Т. өзінің меншігіндегі «Іңкәрлім» мейрамханасының терроризмге қарсы қорғану төлқұжатын жасақтамай, объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамаған, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының сайты.
Сот барлық мән - жайларды ескере отырып, Т.-ны кінәлі деп танып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 424 200 теңге айыппұл салды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.