«Облыс прокуратурасымен төтенше жағдай талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін мобильді топ құрылды. Оның жұмысының нәтижесінде режимді бұзғаны үшін 38 тұлға жауапқа тартылды. Соның ішінде 5 кәсіпкер әкімшілік қамауға алынды. Олар –«Ханшайым», «Нәрлі» мейрамханаларының, «Аманжан» дәмханасының, «Финбет» букмекерлік кеңсесінің иелері мен «Ямато» суши-барының әкімшісі» - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ақпараттар (тұрғындардың коронавируспен ауыратыны туралы) тарату (Қылмыстық Кодекстің 274-бабы), жеке және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді (коронавирусқа ұшыраған 3 тұлғаның аты-жөндері) тарату (Қылмыстық Кодекстің 147-бабы) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.