«Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірқатар шектеу қойылды. Соның ішінде мейрамханалар мен кафелер түнгі сағат 22.00-ден кейін жұмысын тоқтатуы тиіс. Алайда, арнайы шектеуді елемей, жұмысын жалғастырған кафелер бар. Біздің қызметкерлер әкімшілік құқық бұзушылыққа жататын осындай 2 фактіні анықтады. Материалдар әкімшілік сотта қаралып, мекеме иелері жауапкершілікке тартылады», - деді бүгін Атырау облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Қайыров.
Оның айтуынша, төтенше жағдай енгізілгелі атыраулық тәртіп сақшылары қызмет бабында медициналық маскамен қамтылған.