Тергеуге іліккен компаниялардың тізімінде «ЕвроАзияҚұрылыс», «ӨмірСерікҚұрылыс», «Каспий Лифт», «Верцхли» ЖШС-тері бар. Осы ЖШС-терге қатысты көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарынан түскен шағымдарда есеп жоқ. Олар бұл үйлерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша терможаңғырту жүргізген болатын. Тұрғындардың айтуынша, үйлердің әрқайсысына бөлінген 30-35 млн. теңге толығымен жұмсалмаған немесе тиімсіз пайдаланылған. Қылмыстық істерді тергеумен арнайы прокурорлар айналысуда.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша терможаңғырту 2011-2012 жылдары 45 көппәтерлі үйде жүргізілген. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 200 млн. теңге бөлінген.