"2018 жылдың 25 наурызында сотталушы О. және оның туған ағасы П. Көкарна елді мекеніндегі үйде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Кейін ағайындылар ішімдік ішкен, отырыс барысында олардың арасында жанжал туындайды. Салдарынан О. асхана пышағын алып, ағасының сол жақ кеуде тұсынан сұққан, алған жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмады», деп xабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Айта кетелік, сот үкімімен сотталушыға Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.