Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қысқа 700 тонна картоп, 150 тонна пияз, 115 тонна сәбіз және 150 тонна қырыққабаттың қоры жинақталды. Бұл картоп пен көкөністердің маусымдық баға көтерілуін тұрақтандыру үшін жетерлік. Олардың құны нарық бағасынан 10-30% төмен сататын болады.
«Сондай-ақ, тұрақтандыру қорына 1060 тонна 1-сұрыпты ұн сатып алып, оны наубайханаларға беру туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар олардың нан бағасын ұстап тұруы үшін қолданылмақ», - деді «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының департамент директоры Дмитрий Дю.
Авторы: А. Соколов