Атырауда тұрғын үйдегі өрт түтініне уланған екі жасөспірім ауруханаға жеткізілген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тұрғын үйдегі өрт түтініне уланған екі жасөспірім ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда полицейлер өртенген үйден 60-қа жуық адамды эвакуациялағанын жазған болатынбыз.

Өрт бүгін, 16 ақпанда сағат 06:14-те шыққан. Жалын Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы 5 қабатты үйдің 3-қабатындағы пәтердің қылтимасы мен қонақ бөлмесі жанған. Соның салдарынан 4-қабаттағы пәтердің қылтимасы мен бір бөлмесі, 5-қабатта орналасқан пәтердің қылтимасы шарпыған. Сондай-ақ, 1-қабаттағы пәтерге орнатылған салқындатқыш бүлінген.

«Тұрғын үйдегі өрт салдарынан 3-қабаттағы пәтердің тұрғындары – 2006 және 2008 жылдары туған жасөспірімдер түтін иісіне уланып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, сағат 10:30-да үйіне жіберілді. Қазір жасөспірімдердің жағдайы жақсы», -деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Жалын сағат 06:48-де оқшауланып, сағат 07:01 толық сөндірілген.