Атырауда түйелердің қырылу себебін анықтай алмай жатыр

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түйелердің қырылу себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жануарлар Теңіз мұнай-газ кен орны орналасқан Жылыой ауданында қырылыпжатыр. Аққызтоғай ауылында 10-нан астам жануар өлсе, кейін Құлсары аудан орталығындағы жеке қораларда түйелерқырыла бастаған.

«Су мен шөптің сынамасы алынды, бірақ Атырау зертханасында ешқандайауытқу табылмады. Қазіргі уақытта тағы да сынама, соның ішінде жануарларжайылған жайлаулардан да сынамалар алынды», - деп хабарлады облыстықветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.

Еске салайық, көктемде Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы шаруақожалықтарының бірінде бір жарым мың қой жаппай қырылған еді. Олардың неденқырылғанын анықтау үшін бірнеше ай қажет болды. Кейін астаналық мамандар «шешекауруы» деген диагноз қойды.

А. Соколов

Соңғы жаңалықтар