Құрақ тігуден тегін сабақтар циклі алғаш рет өтіп жатқан Халықаралық «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумының аясында жалғасуда. Дизайнер Ырза Тұрсынзаданың айтуынша, тегін шеберлік сабақтарының мақсаты - ежелгі ұлттық қолөнер дәстүрін дамыту.
«Мұндай шеберлік сабақтары Атырауда екінші жыл қатарынан өтіп жатыр Қолөнер сабағына келіп жүрген қыздар қазір өз істерін ашуда», - дейді Ырза Тұрсынзада.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық қолөнер сабақтары үш күнге жоспарланған. 15-16 наурыз күндері шеберлік сабақтары Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтеді.