Атырауда Ұлыбритания азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Ұлыбритания азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлыбритания азаматы Д. жұмыс күшін тарту рұқсаты негізінде және визамен Атырау қаласына «Tenaz Management» ЖШС-де еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген. Алайда, тексеріс нәтижесінде азамат Д.-ның визада көрсетілген келу мақсатынан бөлек ҚР азаматы Ф.-мен бірлесіп, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, «Ganbey Atyrau» ЖШС-ін құрғаны анықталды»,- деп хабарлады Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен.

Сот қаулысымен Ұлыбритания азаматы Д. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 44 188 теңге көлемінде айыппұл салынды.