«8 қаңтарда «Томирис» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің біріне үш белгісіз адам - екі ер адам мен әйел адам кірген. Үйде аяғы ауыр әйел болған. Олар үй иесін скотчпен байлап, пәтерден 23 миллион теңге мен құнды заттарды алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тонаушылар ұсталды. Ақшалар мен құнды заттар тәркіленді», - деп түсіндірді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
ҚР ҚК 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.