ТЖД хабарлауынша, құтқару қыметіне 7 қыркүйекте сағат 10:45 және 11:17 шамаларында темір есікті ашу бойынша 2 қоңырау түскен. Оқиға орнына 4 құтқарушы мен психолог барды.
«Атырау қаласындағы Нұрсая шағын ауданында 9 жасар бала пәтер есігін іштен бекітіп, кейін аша алмай қалған», -делінген Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының хабарламасында.
Екінші оқиға Балықшы ауданында тіркелді. Тұрғын үйлердің бірінде есік қатты жабылып, ашылмай қалған. Үйде 8 жасар қыз бен 2 жасар бала болған. Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл жетіп, есік ашу жұмыстарын жүргізген.
Айта кетелік, жыл басынан осындай оқиғалардан құтқарушылар 30 жуық адамды құтқарды, олардың басым бөлігі балалар.