Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жалған вакцина паспортын жасаған медбике бүгін, 31 шілдеде ұсталған.
«Полицейлер облыстық әкімдік және прокуратура қызметкерлерімен бірге жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, 40 жастағы медбикені ұстады. Ол еgov.kz ақпараттық жүйесіне «Covid-19» инфекциясына қарсы вакцина алу туралы ақпарат нақты егілмеген адамдарға ақшалай сыйақы үшін енгізумен айналысқан. Күдікті жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алғанын мойындады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ұсталған медбикеге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жалған вакцина паспортын жасаған медбике ұсталғанын хабарлаған едік.