Атырауда үйлердің бірінде еден астынан сынап табылды
10:12, 12 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Атырау қаласының Абай көшесінде орналасқан үйлердің бірінде жөндеу жұмыстары кезінде еден астынан төгілген сынап (шамамен 100 г) табылды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сынап арнайы контейнерге жинап алынып, акт бойынша одан әрі жою үшін «Wеsт дала» мамандандырылған кәсіпорнына берілді.
Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ «ЗРАОСО» мемлекеттік мекемесінің 4 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.