Атыраудағы «Тамаша» сауда орталығы вакцина алған тұрғындар арасында ұтыс ойынын ұйымдастырған еді. Ұтыс ойыны 24 маусымда басталды.
Ұтыс ойынына сауда орталығындағы егу бекетінде вакцина салдырған 2 мыңнан астам адам қатысты. Алдымен екі 10 мың теңгелік, бір 30 мың теңгелік ақшалай сыйлық ойнатылды. Ұтыстың басты сыйлығы – 500 теңгелік туристік жолдаманың сертификатын Құрманғазы ауданының тұрғыны Аида Шайхиева ұтып алды.
«Бір ай бұрын сауда орталығында вакцина салдырған едім. Енді міне, 500 мың теңгенің туристік жолдамасына ие болдым. Бұл – мен үшін тосынсый» -дейді Аида Шайхиева.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 10 адам 200 мың, екі адам 3 млн теңгенің ақшалай жүлдесіне ие болып, кейін вакцина салдырған тұрғын туған күнінде 200 мың теңге ұтып алған еді.