«Атырау қаласында карантин мен облыс аумағында шектеулердің енгізілуіне байланысты Азаматтық орталық базасында волонтерлер штабы құрылды. Штабқа қаланың кез келген тұрғыны ерікті бола алады. Олар сұранысқа ие салаларда жұмыс істейді» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Волонтерлер штабы бес бағытты қамтығалы отыр. Мәселен, автоеріктілер тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге қолғабыс жасайды. Медицина еріктілері жедел жәрдем қызметкерлеріне, СЭС еріктілері дезинфекция жұмысына көмек береді.
Еріктілердің бір тобы полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шығады. Сондай-ақ, ерікті тігіншілер бірнеше мәрте қолданатын медициналық маска тігуге атсалыспақ.