«Денсаулыққа зиян келтіретін аймақта еңбек етіп жүрген жұмысшылардың арнайы рұқсат қағазы болмаған. Сонымен қатар, құбыр тазалау жұмысына тартылған көршілес елдің азаматтарының облыс аумағында жүріп-тұру заңнамасын бұзғаны да анықталды», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Өзбекстанның 26 азаматына қатысты 38 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, жұмысшыларды заңсыз жұмысқа тартқан Атырау қаласының тұрғыны 140 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады.