Атырауда заңсыз жүрген 800-ге жуық шетелдік ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы «Нелегал» операциясы барысында полиция 4 күнде Қазақстан аумағына келу тәртібін бұзған 800-ге жуық шетелік азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел аумағына кіруі анықталып жатқан таяушығыстық 45 азамат қабылдап-тарату мекемесіне жіберілді. 39 азамат сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды. Қалғандарына айыппұл салынды», - деп хабарлады Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.