Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт оқиғасы бүгін күндіз қаладағы бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында тіркелген.
40 шаршы метр аумағын жалын шарпыған пәтердің ішінде бес бала болған. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер балаларды өрт сөндіру сатысы арқылы қауіпсіз жерге шығарды.
Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.