«Қазіргі таңда Қашаған кенішінде инвестициялық құны 370 млрд теңге болатын газ өңдеу зауыты құрылысының жобасы жасалып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығында жүргізіледі деп болжанып отыр. Жоба жүзеге асатын болса, шикі мұнайдың сыртқа экспорты азаяды, өңделген мұнайдың экспорты артып, дайын мұнай-химия өнімдерін шығару ісі жолға қойылады. Сондай-ақ құрылыс кезінде 2800 жұмыс орны пайда болса, 600 жұмыс орны тұрақты болады»,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл ретте облыс әкімдігіндегілер Атырау облысының елде инвестиция тарту жағынан көш бастап келе жатқандығын айтты. Өңірдің республика бойынша тартылған инвестициядағы үлесі 28,2% құрап отыр.
Автор: Виктор Сутягин