деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Екі адам құтқарылды, олардың бірі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала деректер бойынша сегіз жұмысшы із-түссіз жоғалып кеткен.
ҚР ТЖМ хабарлауынша, апат алдын ала деректер бойынша, понтонды құрылыстың негізіндегі уақытша тіреуіштен ортадағы аралықтың жылжуынан болған. Құтқарушылардың ұйғаруынша, апатқа көпір аралықтары деңгейін реттеу кезіндегі жұмыс технологияларының бұзылуы себеп болған.
Төтенше жағдайды жоюға «Трансстроймост» АҚ-ның 12 техникасы, «Жайық-Каспий бассейні» балық ресурстарын қорғау басқармасының 4 катері, Аджип ҚКО-ның «Өзен-теңіз» деп аталатын бірінші сыныпты 1 катері, суда-құтқару қызметінің 1 катері, 76 адам және ҚР ТЖМ Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 14 техникасы тартылған.