Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәліметінше, өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 37 науқас тіркелген.
«Бұл – карантин жағдайындағы төменгі статистика. Қазір инфекциялық стационарларда 721 науқас, провизорлық стационарларда 368 науқас ем қабылдауда. Жансақтау бөлімінде 35 адам емделіп жатыр. Қауіпті індеттен 18 адам қайтыс болды», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
Оның айтуынша, Атырау облысында 1 170 орындық инфекциялық стационар, 787 провизорлық стационар бар.
Еске сала кетелік, Атырау облысында карантин 3 тамызға дейін создырылған болатын.