«Сот жарнамалық шараға қатысқан қыздарды ҚР ӘҚК 434-бабы 1-бөлімінде қарастырылған құқықбұзушылық бойынша (ұсақ бұзақылық) айыпты деп тапты. Олардың әрқайсысына 10 АЕК көлемінде - 19 820 теңгеден айыппұл салынды», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
21:08, 03 Маусым 2015
Атырауда жарнамалық шоуға қатысқандарға айыппұл салынды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қаланың орталық көшесінде орналасқан дүкеннің алдында әйелдердің іш киімін жарнамалаған Полина Тұрғанбаева мен Ирина Латыфоваға қатысты әкімшілік істі қарады.