«Қазіргі таңда республикада аталмыш ауруға шалдығу көрсеткіші ең жоғары болып отыр. Биыл бірінші алты айда туберкулез жұқтырған 217 адам анықталды. Дәрігерлер соңғы 5-6 жылда алғаш рет осы ауруға шалдығу жағдайының өскеніне алаңдап отыр», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Өмірзақ Зинулин.
Бүгінде Атырау облысында туберкулездің ашық түрін жұқтырған 1 176 адам анықталған.