«Телефон шалған кісі Құнанбаев көшесі №28 тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан супермаркетке жарылғыш зат қойылғандығын хабарлаған. Айтылған жерге мамандар жетіп, супермаркет қызметкерлері мен тұрғын үйдегі 50-ден астам адамды эвакуациялады. Супермаркеттің аумағын тексеру барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Бірақ, үйдің шатырынан 1989 жылғы ер азамат мас күйінде табылды. Ол жалған хабарлама бергенін толық мойындады», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова. ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде.
15:35, 11 Сәуір 2017
Атырауда жарылғыш зат туралы хабарламадан кейін 50-ден астам адам эвакуацияланды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өткен түні супермаркетте жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы жалған телефон хабарламасынан кейін 50-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.