Атырауда жас әйел 7 қабаттан секіріп, қаза тапты
16:38, 09 Шілде 2013
АТЫРАУ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда жас әйел 7 қабаттан секіріп, қаза тапты
Аймақтың ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова хабарлағандай, қайғылы оқиға Авангард ықшамуданында орын алды. Шамамен 1985 жылы туған жас әйел 7 қабатқа көтеріліп, сатылық алаңда терезеден секіріп кетті.
«Өзі-өзіне қол жұмсаудың себебі анықталуда. Алғашқы ақпарат бойынша, қаза тапқан әйел психологиялық-неврологиялық диспансерде есепте тұрған», дейді Г.Мұхтарова.