Бұған дейін Атырауда кішкентай балаға оқ атқан екі жасөспірім ұсталғанын хабарған едік.
Бұл деректі растаған облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше, 1 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болған.
Атырау қалалық полиция басқармасы №2 полиция бөліміне 1976 жылғы әйел ұлына көрші аулада тұратын жасөспірімдер травматикалық қарудан оқ атқаны туралы шағым түскен. Соған байланысты СМП-136 шағын ауданындағы №4 үйдің ауласынан 12 жасар екі жасөспірім ұсталған. Жасөспірімдердің теріс қылығына байланысты 5 ата-ана жазбаша арыз берген.
«Пластикалық оқ атылатын ойыншық тапаншалардың суық қаруға жататынын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген тапаншаның суық қаруға жатпайтыны, яғни балалар ойыншығы екені анықталды» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.