«Атырау облысының Жылыой аудандық сотымен алкоголь өнімдерін өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Іс құжаттарынан анықталғандай, азамат. С. жеке кәсіпкер бола тұра, өз кәсібін «Жәлімбет» дүкенінде жүзеге асыру кезінде алкогольдік өнімді 21 жасқа толмаған тұлғаға өткізіп, сонысымен әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген», делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Айта кету керек, сот қаулысымен азамат С. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 1 ай мерзімде алкоголь өнімдерін сатуға лицензияның қолданысын тоқтатумен, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 96 200 теңге әкімшілік айыппұл тағайындалды.