Атырауда жастарға ресурс орталығы көмектеседі
16:24, 20 Қаңтар 2009
АТЫРАУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда жастар бірлестігінің бастамасымен «Ресурс орталығы» құрылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Орталықтың негізгі міндеті ? жастарға техникалық көмек көрсету. Осында өтініш білдіргендерге Интернетте жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі, құжаттардың ксерокөшірмесін жасауға, сканерден шығарып беруге және суретке түсуге көмектеседі, қажет болған жағдайда жастар іс-шараларын өткізу үшін үй-жай ұсынылады.