«Өрт Балықшы шағынауданындағы бес қабатты жатақханының үшінші қабатынан шықты. Онда бөлме өртеніп, жалын артынша балконды шарпыған. Өрт кезінде қолданылатын саты арқылы 12 адам эвакуацияланды. Олардың арасында 5 бала бар. Ғимараттың өзінен 37 адам көшірілді. Өрттің себебі нақтылану үстінде. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ»,-деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге 20 өрт сөндіруші мен 5 техника қатысқан.А.Соколов