Атырауда тамыздың 4-нен 5-не қараған түні нөсер жауды. Қазір коммуналдық қызметтерқала ішін жаңбыр суынан тазарту жұмыстарына кірісті.
«Қазіргі уақытта «Арнаулы автобаза» ЖШС 10 вакуумдық машинаны жаңбыр суын соруға жіберді.Бастапқыда сорғы жұмыстары қаланың негізгі көшелерінде жүзеге асырылады. Осыданкейін коммуналдық қызметтерлер екінші деңгейлі жолдарды тазартуға кіріседі», - дейді «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры АлмасІзтілеуов.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Атырау Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорын нөсер суыннан тазартуүшін 10 сорғы автокөліктерінжұмылдырған болатын. Аталған жұмыс күні бойы жалғасады.
15:08, 05 Тамыз 2019
Атырауда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режімге көшті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы барлық жерде «Арнаулы автобаза» ЖШС және «Атырау Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнынан барлығы 20 сорғы автокөлік нөсер салдарымен күресуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.