Синоптиктердің болжауынша, 20 желтоқсанда Атырау облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді.
Атырау қаласында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.