«9 сәуірде Бесікті мен Талқайран ауылдары маңынан, Жайық өзеніне жақын жерден ер адамның денесі табылған. Мәйітте зорлық белгілерінің іздері табылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, осы қылмыс бойынша Атыраудың бес бірдей тұрғыны ұсталып, олардың үстінен ҚР ҚК 99-бабы - «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.