«Қаза болғанның жасы 14-те. Ол қараусыз қалған кемелердің жанында достарымен шомылып жүріп, батып кеткен», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Департаменттің мәлімдеуінше, Атырау облысында жыл басынан бері 26 адам суға кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, екі есеге көп.
Суға кеткен 26 адамның 8-і кәмелеттік жасқа толмағандар, олар ересектердің қарауынсыз шомылған.
9-ы мас күйінде суға түскен. Адам шомылатын судың қауіпті учаскелеріне 46 ескерту, тыйым белгілері қойылған.
Қала жағажайларында шекара белгіленіп, ескерту белгілері, ақпараттық стендтер орнатылған. Балаларға арналған арнайы учаске бар. Медициналық көмек пункттері, құтқару посттары жұмыс істейді.