Атырауда Жайық өзенінің үстінен салынып жатқан көпір аралығының құлауы салдарынан қаза тапқан төрт жұмысшының мәйіті табылды

АТЫРАУ. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда жұма күні кешке жаңа салынып жатқан көпір аралығының құлауы кезінде жоғалған құрылысшыларды іздеу жұмыстары жалғастырылуда.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің хабарлауынша, құтқарушылар оларды іздеуге бір сағаттың ішінде-ақ кірісіп кеткен. Төрт жұмысшының мәйітін табудың сәті түсті.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында облыс әкімі барлық қаза тапқан құрылысшылардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілетінін хабарлады. Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, ол жұмысына кірісіп те кетті.