Атырауда Жайық жағасындағы жазғы дәмхана отқа оранды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық жағасындағы жазғы дәмхана отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10:30-даБ.Момышұлы көшесінде, өзен жағасында орналасқан «Астана» жазғы дәмханасында өрттұтанды. 100 шаршы метр ауданды жалын шарпыды. Тілсіз жау 10:46-да ауыздықталды.Оған 11 адам және 3 техника жұмылдырылды. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардапшекпеген. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - деп мәлім етті облыстық ТЖДбаспасөз қызметі.

Автор:А.Соколов

Соңғы жаңалықтар