Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержановтың мәліметінше, жыл басынан бері 22 адам суға батып, көз жұмған.
«Суға батқандардың ішінде 7 бала бар. Өткен аптада екі адам суға батып кетті. Оның бірі – Махамбет ауданында, екіншісі Атырау қаласында Жайыққа батты. Ал, кеше, 9 тамызда Қызылбалық ауылында Жайық өзеніне батып кеткен 1969 жылы туған ер адамның денесі іздестіріліп жатыр» -дейді Асхат Ержанов.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 17 жасар жасөспірім Жайыққа батып кеткен
еді.