Атырауда «Жайықмұнайгазға» мұнай төккені үшін айыппұл салынды

АТЫРАУ. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өңдіру басқармасы - «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесіне мұнай төккені үшін айыппұл салынды.

328 мың теңге мөлшерінде айыппұлды компания 2012 жылы 20 желтоқсанда құбырдағы апат салдарынан мұнай төгіліп, 600 шаршы метр жерді бүлдіргені үшін төлейді.