Бүгін облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен
толықты. Станса директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ –
лизинг» есебінен алынып отыр.
«Жаңа автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберіледі. Ал, 17 көлік Атырау қаласындағы
жедел жәрдем стансасына беріледі. Қазір тәулігіне 700-750 шақырту түседі. Пандемия
өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жеткен еді», - дейді Бауыржан Төлеген.
Бүгінде жаңа 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның ішінде 46-сы өткен жылы алынған.
«Өңірде COVID-такси жоқ. Оның орнына жедел жәрдем стансаның көлігі шақыруға
барады. Олар шұғыл шақыртуға 12-13 минутта жетеді», -дейді Бауыржан
Төлеген.