Атырауда жедел жәрдем сыйлыққа реанимобильдер алды

None
АТЫРАУ. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда қалалық жедел жәрдем стансасының автокөлік паркі 4 заманауи реанимациялық көліктермен толықты.

Мұндай сыйлықты дәрігерлерге Теңіз-Новороссийск мұнай құбырына қызмет көрсететін «КТК-Қазақстан» компаниясы жасап отыр.

Жаңа автокөліктер шақыртуға барғанда жедел медициналық көмек көрсету үшін қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген.