Атырауда жеке үйлердің бірінің жанынан радиациялық фон анықталды

None
АТЫРАУ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда қала шетіндегі «Атырау» ықшам ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінің учаскесінен көрсеткіші шамадан 10 есеге артық радиациялық фон анықталды.

Мұны мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері дозиметриялық тексеру кезінде тіркеп отыр. Қауіпті учаске қазір қоршалды. Мамандар радиациялық фонның көзін анықтауда.