Атырауда жекпе-жек фестивалі өтеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 19 тамызда Atyrau Sport Fest 2017» жекпе-жек фестивалі өтеді, ол алдағы Спорт күніне орай ұйымдастырылуда, деп хабарлады Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.

Шара 19 тамызға белгіленді. Жарыс ММА, дзюдо, самбо, жауынгерлік самбо, таеквандо, жекпе-жек, каратэ ВКФ, бокс, кикбоксинг, тай боксы, панкратион, грек-рим күресі, джиу джитсу, киокушинкай каратэ, еркін күрес және т.б. жекпе-жектің 15 түрі бойынша өтеді. Мұнда Атырау облысының спортшылары таяу және алыс шет елдерден келген лайықты қарсыластармен өнер көрсетеді.

Мұнайлы өлкеге 16 мемлекет - Украина, Ресей, Грузия, Әзербайжан, Бразилия, Корея, Түркия, Испания, Тайланд, Польша, Бельгия, Иран, Марокко және басқа елдерден спортшылар келеді деп жоспарлануда.

Шара ұйымдастырушысы, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекеттің айтуынша, фестиваль өңірде спортты, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі. «ATYRAU SPORT FEST-2017 шарасы аясында көрермендер бір күнде жекпе-жектің барлық түрін тамашалай алады. Фестиваль қонақтарына ММА бойынша айқас өткіземіз. Бразилиялық спортшы Фортунато Рапамен Атыраудың атақты палуаны Исатай Теміров шығады. Келесі жылы Атырауда спорттық ойын түрлері фестивалін өткізу жоспарлануда», - деді Азамат БЕКЕТ.

Сондай-ақ бағдарламаға қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шетелден жұлдыздар қатысады. Көрермендерді лазерлік шоу және облыстың жас спортшыларының тартысты жарыстары күтіп тұр. ATYRAU SPORT FEST-2017 19 тамызда Мұз айдынында өтеді. Фестиваль 18.00-де басталады, кіру тегін.