Атырауда жеміс ағаштары гүлдеп жатыр

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Тамыз ортасынан ауа Атырауда да жеміс ағаштары қайта гүлдей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраудаағаштар тосын мінез танытып отыр. Өңірдегі алма және алмұрт ағаштары қайта гүлдейбастады. Белгілі бағбан Зоя Кислицынаның айтуынша, бұған ауа райындағы күртөзгерістер себеп. Ұзақ уақыт бойы сақталған 40 градустық аптап ыстықтан кейінкүн салқындай түсіп, артынша тағы да 40 градусқа дейін көтерілді.

«Ағаштардыңбұлай гүлдеуі оларды әлсіретеді. Егер гүлі өте көп болса, ағаш қыста өлуі де мүмкін. Бірақ әзірше ондай қауіпжоқ. Ағаштар қыстан аман шығады деп үміттенеміз», - дейді Зоя Кислицына.

Еске салакетейік, бірнеше күн бұрын Таразда жемісті ағаштар екінші рет гүлдегені туралыхабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар