Атырауда жеңіл көлік автобуспен соғылып, жүргізуші көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 қазанда жергілікті уақытпен сағат 13:00 шамасында тіркелген.
«Атырау қаласына таяу орналасқан Еркінқала-2 елді мекеніндегі №40 пен 5-көше қиылысында Skoda маркалы автокөлігінің жүргізушісі қоғамдық көлікке жол бермеген. Сөйтіп, жолаушы тасымалдап келе жатқан Yutong маркалы қоғамдық автокөлікпен соқтығысқан. Соққының екпінімен автобус көше жиегінде орналасқан жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Skoda маркалы автокөлікті басқарған 1966 жылғы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір полиция департаментіне қарасты құрылым қызметкерлері жол-көлік апатына байланысты тиісті іс-құжаттарды жинақтап жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көлік қаққан 11 жасар жасөспірім көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Бұл жол-көлік оқиғасы да бүгін, 20 қазанда таңертең болған.
«Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында Toyota Prado көлігі жасөспірімді қағып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Көлікті 1949 жылғы туған ер адам басқарғаны анықталды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.