АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында жеңіл көлік субұрқаққа соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше, 15 сәуірде шамамен кешкі сағат 19:05-те болған. «Hyundai Accent» маркілі жеңіл көліктің жүргізушісі орталық көпірден драма театр бағытына бара жатып, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан субұрқақтың жиектасына соқтығысқан.
Қазір аталған оқиғаға байланысты хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.