Атырауда Жеңіс күніне арналған әскери шеру болды

None
АТЫРАУ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда Жеңістің 65 жылдығына арналған әскери шеру болып өтті. Шеруді Ұлы Отан соғысының қатысушылары қабылдады.

Майдангерлер алдында саппен 12 парадтық есеп өтті, әрқайсысында ҚР Қарулы күштері «Батыс» аймақтық қолбасшылық әскери бөлімінің, шекарашылар, әскери байланыс бөлімдерінің, теңіз шекара қорғаушылары, ТЖ департаменті, кедендік қызмет, қаржы полициясының қызметкерлерінен құралған 36 адам бар.

Жергілікті билік атынан ардагерлерді облыс әкімінің орынбасары Болат Дәукенов құттықтады. Ол бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау облысынан майданға 42 509 адам кеткенін еске салды. Оның 13 мыңнан астамы қайта оралмаған. Тоғыз адам Кеңес Одағының Батыры атанған.